Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ІІМ қызметкерлері жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұйымдастырған 7 адамнан тұратын ұйымдасқан топты анықтады. Отбасылық жұп қылмыстық жолмен жүйелі табысқа қол жеткізу мақсатында қонақүй кешенін жалға алып, ол жерде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған. Олар қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру үшін жақын туыстарын жұмысқа тартып, олар әкімгер, такси, «делдал» болған. «Жұмысшыларды» таныстары арқылы тапқан, олардың арасында бұрын жезөкшелікпен айналысқандар да болған, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Сонымен қатар ол қыздарды ұзақ уақыт ұстау үшін қарызға кіргізу әдісі қолданылғанын алға тартты.
Шарттың талаптары – қонақүйде тұрып, «50-де 50» жұмыс істеу болған. Сондай-ақ қыздарды ұзақ уақытқа қалдыру үшін қарызға кіргізу әдісі қолданылған. Негізінен оңтүстік өңір мен Өзбекстаннан келген 10 қыз «жұмыс істеген», олардың бағасы 5 мыңнан 40 мың теңгеге дейін жеткен. Әрекеттері әшкереленбес үшін кешкі сағат 9-дан таңғы 5-ке дейін жұмыстарын жүргізген, қонақүйдің есіктері мен терезелері тор қойғызып, есікті ешқашан ашпаған. Оған тек «делдалдар» мен тұрақты келушілер ғана кіре алған. Келушілердің күн сайынға саны 50-ді құраған. Қылмыстық табыстарын арттыру үшін олар екінші қонақүй кешенін жалға алған, - деді Қанат Нұрмағамбетов.
Аталған дерек бойынша ұйымдасқан топ құру және басқару, оған қатысуға притон ұстау және жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер ұсталып, төртеуі қамауға алынды және үшеуіне «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.