ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

25 Маусым 2021, 09:16
6636
Бөлісу:
ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ішкі істер министрлігі полицейлер үшін әзірленген жаңа үлгідегі форманы көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Форманы әзірлеу кезінде полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы киім жасауға баса назар аударылды, əр түрлі климаттық жағдайда қызмет атқаратын қызметкерлердің тілектері ескерілді, сондай-ақ, әлемдік тәжірибе зерттелді. 

ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Қызмет атқарудың ерекшелігі мен жағдайларын ескере отырып, жаңа үлгідегі форма дизайны мен құрылымына қарай патрульдік полиция қызметкерлеріне, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарына арналған киім болып топтастырылған. 

Мемлекет басшысының учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі мен танымалдығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде олар үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді. 

Полиция басқармалары аппараттарының әйел – қызметкерлеріне арналған киім жазғы кезеңде киюге арналған көйлекпен толықтырылған.

ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Қызметтердің барлық санаты үшін POLISIA жарық шағылыстырғыш жазуы бар жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілері жасалды.

ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Қызметкерлердің аяқ киімі алғаш рет өзгертілді. 

ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Кроссовкалар түрінде ұсынылған тактикалық аяқ киім аяққа ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды. 

ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Қалалар мен облыстардың эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді. 

ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске ауыстырылды. Металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды. 

ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

Жарық шағылыстырғыш элементтерге ерекше назар аударылды. 

Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Оған ауысу ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.



Өзгелердің жаңалығы