Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ІІМ мемлекеттік қызметтің 44 түрін көрсетеді.
Бұл туралы ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру туралы өткен брифингте ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов айтты.
Ішкі істер министрлігі көші-қон, жол қозғалысы мен архив құжаттарын алу, қару айналымы, есірткі заңнамасы салаларында мемлекеттік қызметтің 44 түрін көрсетеді. Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызметті автоматтандыруы 88 пайызды құрайды, - деді ол.
Сабыржан Сейтжанов атап өткендей, жыл сайын 7-8 млн адам ішкі істер органынан құжат рәсімдейді.
Автоманттандыру мен цифрландыру, қызметті ХҚКО арқылы алу азаматтардың қызметтің басым бөлігін ішкі істер органына тікелей жүгінбей, халыққа қызмет көрсету арқылы алуға мүмкіндік берді. 10 айда 7 млн қызметтің 6,5 млн-ы ХҚКО арқылы көрсетілген. 340 мыңы «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылған, - деді Сейтжанов.
Айта кетейік, брифинг барысында қараша айының басынан бастап елдің жолдарында 406 жол-көлік апаты болып, оның ішінде 95 адам қаза болғаны белгілі болды.