ІІМ: Көбінесе ер адамдар жоғалады

31 Қазан 2022, 12:24
796
Бөлісу:
ІІМ: Көбінесе ер адамдар жоғалады

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Нұрлан Темірбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, адамды іздестіру бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде техникалық құралдарды пайдалану туралы ақпарат құпия болғандықтан, нақты дерек ұсыну мүмкін болмай отыр. 

Статистика көбінесе ер адамдар жоғалатынын көрсетіп отыр. Бұл олардың маусымдық жұмыстарға, әртүрлі рейстерге, автомашина айдап әкету, жүктерді тасымалдау сынды қызметтік іссапарларға шығуына байланысты. Әйелдер арасында көбінесе спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатындар, ал жасөспірімдер арасынан қолайсыз отбасынан шыққандар жоғалады, - деп атап өтті аға жедел уәкіл. 

Сондай-ақ ол жасөспірімдердің жоғалып кетуінің басты себептерін атады. 

Кәмелетке толмағандардың қолайсыз отбасыларынан кетуінің негізгі себептері – ата-аналарымен жанжалдасуы. Олардың жүйелі түрде спирттік ішімдіктерді пайдалануынан балалары жеке тұрғысы келеді. Ата-ана құқығынан айырғаннан кейін балалар кәмелетке толмағандар үйінен қашып кетеді, кейін олар хабар-ошарсыз жоғалғандар ретінде іздестіруге жарияланады. Сондай-ақ балалардың ұзақ уақыт ойын клубтарында немесе ата-аналарының тарапынан жазадан құтылу үшін үйден және мектептен қашу фактілері болады. Адамдардың хабар-ошарсыз жоғалуының 100 жағдайының 80-нен астамында жоғалғандардың жүрген жері анықталады және олар туыстарына қайтарылады, - деді Нұрлан Темірбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағында 9 айда 2075 адам хабар-ошарсыз кеткені туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы