Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов хабарлады.
Оның айтуынша, интернет-алаяқтықтан қорғанудың бірнеше тәсілі бар.
Жеке деректерді, пластикалық карталардың реквизиттерін ешкімге айтпау, аударымдар туралы түбіртектерді бермеу, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді тіпті өздерін банк, полиция қызметкерлері және т.б. таныстырсада да бермеу. Сонымен қатар белгісіз және тексерілмеген сайттарға және өзге дереккөздерге сенбеу. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеу. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасауға келісіңіз, - деп атап өтті Қанат Нұрмағамбетов.
Сондай-ақ ведомство басшысы күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмауға, ашық табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болуға шақырды.
Қосымшаларды орнату үшін тек ресми App store, Play market сынды көздерді пайдаланыңыз. Сілтеме бойынша өтпеңіз, олар сізге төлем жасау үшін белгісіз байланыстардан Спам-жіберілімдерде немесе қалқымалы терезелерде жіберіледі. Көбіне алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік болып табылатын сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Банкинг қызметтеріне қол жеткізу құпия сөздерін үнемі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз. Өз шотыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеріңіз. Мұндай шаралар алаяқтықтан аулақ болуға және ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі, - деді департамент бастығының орынбасары.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұрғаны туралы жазған болатынбыз.