ІІМ есірткі зертханаларына прекурсор жеткізушілерді ұстады

Бүгiн, 07:48
143
Бөлісу:
ІІМ есірткі зертханаларына прекурсор жеткізушілерді ұстады
VIDEO
Фото: Арман Мухатов -архив

Есірткі зертханаларына арналған прекурсорлар мен жабдықтарды ел аумағында сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласында өткізілген жедел іс-шаралар барысында өздерінің заңсыз әрекеттері үшін Telegram-ды пайдаланған 10 фигурант анықталды.

Прекурсорларды сақтауға арналған үш үй-жай табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы үш тоннадан асты. Олардың құны 420 миллион теңгеден асады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы