Өткен аптада республика аумағында 2846 астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2846 қылмыс жасалды, оның 1799-ы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.
Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1қарақшылық, 38 тонау және 367 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.