Өткен аптада республика аумағында 2666 астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2666 қылмыс жасалды, оның 1656-сы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.
Айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.
Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 34 тонау және 376 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.