ІІМ екі айда 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз әкетілуіне тосқауыл қойды

Сондай-ақ көлемі ұлғайтылған қосымша жанармай бактары орнатылған 87 көлік анықталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
146
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ішкі істер министрлігі мұнай өнімдері мен жанар-жағармайды ел аумағынан заңсыз шығарудың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы мақсатта шекара маңындағы өңірлерде патрульдік полицияның 59 бекеті жұмыс істеуде.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, соңғы екі айда полиция қызметкерлері шамамен 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз тасымалдануына тосқауыл қойды. Сондай-ақ көлемі ұлғайтылған қосымша жанармай бактары орнатылған 87 көлік анықталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысының Қордай ауданында тексеру барысында әрқайсысының сыйымдылығы 600 литр болатын жасырын қосымша бактармен жабдықталған автобус анықталды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары көліктерді заңсыз қайта жабдықтайтын техникалық қызмет көрсету станцияларын да тексеруде. Мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп жүргізілген рейд барысында 16 техникалық қызмет көрсету станциясы тексеріліп, алты нысан иесіне қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді.

ІІМ мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары министрдің ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.

Наверх