Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де қоғам белсенділері есірткі қылмысына қарсы күрес мәселелерін талқылады.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
ІІМ-де Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамның өзекті мәселелерін талқылады. Талқылаудың негізгі тақырыбы – нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл болды.
Министрліктің мәліметінше, жыл сайын республика аумағында 20 тоннаға жуық есірткі құралдары мен психотроптық заттар заңсыз айналымнан алынып, екі мыңнан астам есірткі қылмыстары анықталады.
Айта кету керек, Қазақстан БҰҰ-ның есірткіге қарсы барлық үш конвенциясының қатысушысы бола отырып, осы саладағы өзінің халықаралық міндеттемелерін практикалық және заңнамалық деңгейде жүзеге асырады.
2019 жылы жаңа психобелсенді заттарды бақылауға енгізу механизмін айтарлықтай жеңілдеткен нормалар енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша есірткіні интернет арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Есірткіні жарнамалау мен насихаттағаны үшін, оның ішінде графити-суреттер мен QR кодтар арқылы жауапкершілік көзделетін қылмыстың жаңа құрамы енгізілді. Жыл сайын республика аумағында заңсыз есірткі егуді анықтауға және есірткі тасымалдау арналарының жолын кесуге бағытталған кең ауқымды “Қарасора” операциясы жүргізіледі,- деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажы-Ғали Иманжанов.
ІІМ мүдделі органдармен бірлесіп есірткі сайттарын, сондай-ақ виртуалды әмияндар мен криптовалюталарды пайдалана отырып, есірткімен мәмілелерді анықтау және бұғаттау бойынша шараларды іске асыруда. Банк және провайдер қызметтерін көрсету саласындағы заңнама жүйелі негізде жетілдірілуде.
Қазақстанда есірткіге тәуелді 19 мыңға жуық адам, оның ішінде 62 кәмелетке толмағандар тіркелген. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша бұл көрсеткіштердің нақты мәні ресми статистикадан бес есе асады. Есірткіге тәуелділердің жоғары кідірісінің негізгі себебі олардың басым көпшілігі құқықтық алаңнан тыс орналасуымен байланысты, – деп атап өтті Қажы-Ғали Иманжанов.
Кездесуге қатысушылар нашақорлықтың жолын кесу және есірткі қылмыстарының санын қысқарту бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті.
Сондай-ақ, қыркүйек айында ІІМ Қоғамдық кеңесінің өңірлік қоғамдық кеңестердің, мүдделі мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның қатысуымен Нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымы проблемалары жөніндегі республикалық форум өткізуі жоспарлануда.