ІІМ-де Қаңтар оқиғасы бойынша әлі 553 қылмыстық іс жатыр

20 Маусым 2022, 15:31
1927
Бөлісу:
ІІМ-де Қаңтар оқиғасы бойынша әлі 553 қылмыстық іс жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 56 күдіктіге қатысты 553 қылмыстық іс бар. Жеке басын, сипаттайтын деректерді және жасалған қылмысқа қатыстылығын ескере отырып, ішкі істер органдары бойынша 255 күдікті қамақтан босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалды, - деді Әділов. 

Ол атағандай, одан басқа соттың үкімі бойынша  332 сотталушы қамақтан босатылды.

Бүгінгі таңда өндірістегі қылмыстық істер бойынша 14 адам қамауда отыр, оның ішінде Алматы қаласы бойынша – 8, Алматы облысы – 3 және Жамбыл облысы – 3, олардың барлығы ауыр қылмыстарды жасады деп күдіктеліп отыр. Ішкі істер органдарының тергеушілері   565 айыпталушыға қатысты 344 қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдады. Осындай істердің басым көпшілігі бөтеннің мүлкін ұрлау жөніндегі істер болып отыр – 257, қаруды заңсыз сақтау – 37, қаруды ұрлау – 18, айдап кету – 5, - деді Санжар Әділов. 

Оның айтуынша, соттар 382 адамды соттады, оның ішінде   46 адам бас бостандығынан айыру бойынша сотталды, осы адамдар бұрын сотталған және кінәсін мойындамаған, келтірілген залалды өтемеген. 

Өзгелердің жаңалығы