Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында төтенше жағдай кезінде ІІМ-де қандай проблемалар болғанын айтып берді.
Бірінші кезекте маскалар мен жеке қорғаныш киім-кешектерінің тапшылығы туындады. Алғашқы 3 тәулік бойы блок-бекеттердегі қызметкерлерге жеке қорғаныш заттарының жетіспеуі себебінен олар солай жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұл бізге жедел бейімделуге мүмкіндік берді. Қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік орындарын қайта бейімдеу арқылы қорғаныш киімдерін өзіміз тіге бастадық. Алғашқы аптаның өзінде блок-бекеттер жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілді, - деді ол.
Министр атап өткен екінші мәселе блок-бекеттерде өткізу режимі болды.
Екі апта бойы қағаз және электронды рұқсат беру қағаздарына қатысты проблема туындады. Полиция қызметкерлерінде 17 мың планшет бар. Оларда жеке тұлғалардың көліктеріне қатысты мәліметтер базасы сақталды. Оған әкімдіктердің жедел штабтарының мәліметтер базасы да енгізілді. Әкімдіктерден келген өтінімде көлікке қатысты мәліметтер блок-бекеттердегі полиция қызметкерлеріне келіп түсті. Олар сол бойынша автокөліктерді қалаға немесе қала маңындағы аймақтарға өткізді, - деді министр.
Сондай-ақ, министр қылмыстық-атқару жүйесінде бірқатар мәселе туындағанын айтты.
Карантиндік емдеу мекемелері қаралмады. Тек медициналық-санитариялық бөлімдер ғана болды. Төтенше жағдай кезінде барлық түрмеде арнайы лазареттерді ұйымдастырдық. Онда коронавирустен емделуге қатысты іс-шаралар жүргізілді, - деді министр.
Оқи отырыңыз: