ІІМ-де «Полицейдің бір күні» жобасы өтіп жатыр

9 Тамыз 2021, 11:50
4308
Бөлісу:
ІІМ-де «Полицейдің бір күні» жобасы өтіп жатыр
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингі барысында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты.

Биылғы 5 тамызынан бастап ІІМ-де «Полицейдің бір күні» жобасы басталды. Жобаға Нұр-Сұлтан қаласынан 18 журналист қатысам деп ұсыныс білдірді. Жобаның мақсаты-бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуды одан әрі нығайту, сондай-ақ полицияның оң имиджін қалыптастыру мен оның ашықтығын қамтамасыз ету, - деді Нұрділда Ораз.

Ол атағандай, «Полицейдің бір күні жобасы» – жедел қызметкерлердің, тергеушілердің, криминалистердің, учаскелік инспекторлардың, полицияның патрульдік инспекторларының қызметтердің күнделікті жұмысын БАҚ-та жариялауға бағытталады.

Жобаның алғашқы күні «Baq.kz» ақпарат порталының журналисі Аягөз Құрмаш полициядағы жұмыс күнін Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жедел басқару орталығында өткізді. Журналист өзін толыққанды полицей ретінде сезіну үшін нысанды киім берілді, - деді Нұрділда Ораз.

Ол атағандай, аталған шара жергілікті БАҚ өкілдерімен аумақтық Полиция департаменттерінде де жалғасын табатын болады. Жоба жыл соңына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы