Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында жеке құрамның рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ полиция қызметінің беделін арттыруға бағытталған “30 жыл құқық тәртібінде” атты республикалық көркем өнерпаздар байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқауға аумақтық полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің, мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің және ведомстволық оқу орындарының атынан барлығы 150-ге жуық қызметкер қатысып, жеңімпаздар анықталды.
Байқау қазыларының шешімі бойынша орындар келесідей бөлінді:
Бас жүлдеге Қостанай облысы Полиция департаментінің вокалдық тобы ие болды.
Ұжымдық орындау номинациясы бойынша:
Бірінші орын – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің вокалдық тобы;
Екінші орын – Ақмола облысы Полиция департаментінің вокалдық тобы және Жамбыл облысы МКҚБ “Тараз триосы”;
Үшінші орын – Алматы облысы Полиция департаментінің, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының МКҚБ вокалдық топтары.
Жеке орындау номинациясы бойынша:
Бірінші орын – Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі қызметінің инспекторы Ердәулет Жамбылов;
Екінші орын – Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД мекемесі бастығының орынбасары Сүндет Елеусізов, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің аға инспекторы Төренияз Азизаев;
Үшінші орын – Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкері Әділет Қаматай, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің инженері Жансерік Наубек және ШҚО ПД Семей қаласы Полиция басқармасының криминалисті Жасқанат Иманбаев иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, дипломдармен, сондай-ақ естелік сувенирлермен марапатталды.
Республикалық байқаудың жеңімпаздары мен дипломанттары атанған қызметкерлердің қатысуымен ІІМ орталық аппаратының жеке құрамы үшін “30 жыл құқық тәртібінде” гала-концерті өткізілді.