ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды

4 Қараша 2024, 15:45
317
Бөлісу:
ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды
Фото: polisia.kz

Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған. Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.

Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов. 

ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы