ІІМ-де есірткіге қарсы айлық қорытындыланды

1 Шілде 2024, 09:28
419
Бөлісу:
ІІМ-де есірткіге қарсы айлық қорытындыланды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті және оның аумақтық бөліністері жергілікті атқарушы органдардың көмегімен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай республикалық есірткіге қарсы айлықты өткізді,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Есірткіге қарсы айлық кезінде еліміз бойынша 5414 іс-шара өткізілді, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс және турнир, 150 профилактикалық сипаттағы конкурстар бар. Оның 994-і нарколог-дәрігерлердің, 894-і еріктілердің, 215-і жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425-і үкіметтік емес сектормен және 610-ы білім беру ұйымдарымен бірлесіп өткізілді. Атап өту қажет, бұл шаралар 280 мыңнан астам жасөспірім мен жастарды қамтыды. Нарколог-дәрігерлер және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары өзекті мәселелер бойынша азаматтарға кеңестер ұйымдастырды. Барлық өңірде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, есірткі сайттарының жарнамасы бар граффити-жазуларды анықтау және өшіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Оған 500-ге жуық ерікті қатысып, 6 мыңнан астам граффити боялды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов. 

22 маусымда Астанада “Хан Шатыр” сауда-ойын-сауық орталығында, сондай-ақ Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатрда “Астана – есірткісіз қала!” акциясы ұйымдастырылды. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары мен спорт саңлақтары, вокалдық және би ұжымдары қатысты. 

23 маусымда Алматыда “SADU ARENA” спорт кешенінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті грэплингтен халықаралық турнир өткізді. Оған Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен мыңға жуық спортшы қатысты. Осындай ауқымды іс-шаралар 26-27 маусым күндері республика бойынша өткізілді. 

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Ішкі істер министрінің құқығымен жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның 110 өкілі грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Аталған іс-шаралар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Жалпы 4259 жарияланым жасалды. Оның 462-сі ақпараттық агенттіктерде, 121-і телеарналарда және 3676-сы Instagram, Facebook, YouTube және TikTok әлеуметтік желілерінде. Барлық материалдар ІІМ ведомстволық ресми парақшаларында да жарияланды. Мұндай іс-шараларды республика көлемінде өткізу жалғасатын болады, – деді Бақытжан Әмірханов.

Өзгелердің жаңалығы