ІІМ білім беру орындарына қалай түсуге болады?

11 Мамыр 2021, 11:37
2303
Бөлісу:
ІІМ білім беру орындарына қалай түсуге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қанатбек Қарабеков ІІМ-нің дәстүрлі брифингте айтты.

2019-2021 жылдарға арналған ІІМ жаңғырту жол картасы бойынша ішкі істер министрлігінің білім беру орындарында да бірқатар өзгеріс болды. Қазір Қарағанды академиясынан басқа жоғары оқу орындары «бакалавриат» бойынша білім алуға қабылдамайды. Себебі жол картасы бойынша барлық оқу орны алғашқы кәсіби даярлықты жүзеге асырады, - деді Қарабеков.

Ол атағандай, әр оқу орнының өзіндік мамандандыруы бойынша іске асырылады.

Жоғары білімі бар азаматтар ішкі істер органына жұмысқа тұру кезінде алғашқы кәсіби даярлықтан өтеді. Мысалы, тергеуші, анықтаушы мамандықтары Қарағанды академиясында, әкімшілік полиция қызметкерлері Қостанай академиясы мен Ақтөбе заң институтында, жедел уәкіл болу бойынша Алматы академиясында, күзет қызметкерлері Шымкент оқу орталығында дайындалады, - деді ол.

Оның айтуынша, «бакалавриат» бойынша құжаттар Қарағанды академиясына 1 шілдеге дейін қабылданады.

Оқуға кандидаттар ҰБТ-ны 5 шілдеге дейін тапсырады. ҰБТ келесі пәндер бойынша өтеді: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және екі профильдік пән. Қарағанды академиясына оқуға түсетін абитуриент шығармашылық емтиханнан басқа кез келген екі профильдік пәнді таңдай алады. ҰБТ қорытындысы 50 баллдан кем болмауы тиіс, оның ішінде әр пәннен кем дегенде 5 балл болу қажет. ҰБТ тапсырғаннан кейін абитуриенттер белгіленген мерзімдерде оқу орындарына келеді, - деді Қанатбек Қарабеков.


Өзгелердің жаңалығы