IІМ басшысы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесті

31 Наурыз 2022, 09:19
1878
Бөлісу:
IІМ басшысы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінде ведомство жанындағы жаңартылған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Марат Ахметжанов жаңартылған Қоғамдық кеңестің, сондай-ақ, жалпы ішкі істер органдары жүйесінің алдында түбегейлі жаңа міндеттер тұрғанын атап өтті. Ең бастысы – қоғамдық сенім мен азаматтардың қолдауын қамтамасыз ету, полиция мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімді серіктестік моделін қалыптастыру. 

Министр бүгінгі таңда полиция қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ашықтық пен айқындық болып табылатынын айтты. Сонымен қатар ол жаңа форматта Қоғамдық кеңестің жұмысы одан да тиімді болатынына сенім білдірді.

Кездесу барысында Кеңес төрағасын сайлау үшін ашық дауыс беру өтті. Төраға болып “TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы” қорының директоры Рахым Ошақбаев сайланды.

 

Өзгелердің жаңалығы