ІІМ басшысы полиция қызметі ерекше тәртіпке көшкенін айтты

18 Наурыз 2020, 18:55
1161
Бөлісу:
ІІМ басшысы полиция қызметі ерекше тәртіпке көшкенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев брифингте қазіргі уақытта ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылғанын жеткізді.

Министр Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап көліктің кіруі мен шығуын және адамдардың қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар қойылғанын айтты.

Тіршілік әрекетін қамтамасыз етуі қажетті адамдар мен тіркеуі бар адамдарды ғана қалаға кіргізеді.

Енгізілетін шектеулер сіздің қауіпсіздігіңізді, жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қажет. Карантиндік іс-шараларды өткізу кезінде денсаулық сақтау және полиция органдары қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауды сұраймын, – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Өзгелердің жаңалығы