Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ІІМ Астанада полиция қызметкеріне оқ ату оқиғасына қатысты пікір білдірді

Бүгiн, 14:19
215
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенатта өткен брифингте Астана қаласында құқық қорғау органының қызметкеріне оқ атылған оқиғаға қатысты мәліметтерді баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта көшеде қарулы адамды байқап, оны ұстау және залалсыздандыру үшін әрекет еткен.

Шабуыл жасаған адам арқасынан оқ атып үлгерген, соның салдарынан қызметкерлер жарақат алып, қазір ем қабылдап жатыр. Алғашқы күндері ол жансақтау бөлімінде болды. Күдікті залалсыздандырылғаннан кейін ұсталды. Қазіргі уақытта сот санкциясымен адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қамауда отыр, – деді Санжар Әділов.

Ол сондай-ақ полиция қызметкері күдіктімен бұрын таныс болмаған деп отыр. Оқиға кезінде қызметкер көлік тізгінінде болған, тоқтап, күдіктіні ұстау шараларын қабылдаған.

Бұдан бөлек, журналистер әлеуметтік желілерде күдікті ұсталған сәтте "оның басының астында не болған, жастық па?" деп сұрады.

Бұл туралы біз айтқанбыз. Видеода ұстау кезінде оның қаруы алынғаны, одан бөлек жеке тінту жүргізілгені көрінеді. Қыс мезгілі екенін түсінеміз, тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Мұндай жағдайда біз әрдайым киім-кешек пен өзге де құралдарды қолданамыз, олар осы сәтте көмектеседі. Менің ойымша, ол әрекеттер кейін ауруханаға жеткізіліп, қамауға алынған күдіктінің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жасалды, – деп түсіндірді вице-министр.

Бұған дейін Астанада жолда атыс болып, полиция қызметкері жарақат алғанын еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы