ІІМ: 220 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды

15 Тамыз 2023, 16:45
785
Бөлісу:
ІІМ: 220 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Елімізде 220 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Былтыр 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін айқындау бөлігінде 200 000 теңге (салық кодексі) мөлшерінде және олардың иелерін кәдеге жарату алымын төлеуден босату бөлігінде қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілді. Бұл ретте өтінімді уақтылы берген және белгіленген мерзімде автомобильдерді заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтарына оларды заңдастыру құқығы биыл 1 шілдеден кейін берілді, - деп атап өтті комитет басшысы.

Сонымен қатар ол бүгінге дейін қанша автокөліктің заңдастырылғанына тоқталды.

Барлығы 220 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды. Заңдастыру кезінде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген талаптар нақты басшылыққа алынды. Яғни заңдастыруға жататын автокөліктер: өткен жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген, қылмыстық іздеуде болмаған, кедендік ресімдеуден өткен болуы керек, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Өзгелердің жаңалығы