Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оны министр Қайырбек Өскенбаев басқарады.
Еуропалық Одақ елдері мен Ресей Федерациясы арасында жағдайдың шиеленісуіне және халықаралық көлік тасымалы саласында туындап жатқан проблемаларға байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жедел штаб құрылды.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел штаб кәсіпкерлік субъектілеріне және автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігімен атқарылатын халықаралық жүк тасымалдарына қатысушыларға көмек көрсету және ақпараттық қолдау үшін құрылды, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты ИИДМ Ахуалдық орталығы базасында жедел желі ашылды. Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа: +7 708 088 0800; +7 (7172) 98-35-35 нөмерлері бойынша хабарласуға болады.