ІХ қысқы Азия ойындары: Қоржында 3 алтын, 8 күміс, 7 қола бар

Кеше, 23:56
174
Бөлісу:
ІХ қысқы Азия ойындары: Қоржында 3 алтын, 8 күміс, 7 қола бар
Фото: Туризм және спорт министрлігі

ІХ қысқы Азия ойындарында 13 ақпандағы жарыс нәтижесі бойынша ел қоржынында 3 алтын, 8 күміс, 7 қола медаль бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биатлон: Әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші келіп, қола жүлдегер атанды. Жарыс жолына Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая шықты.

Ал ерлер құрамасы (4×7.5 км) Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Жарыс жолына Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев шықты.

Шайбалы хоккей: Ерлер құрамасы Қытайды жеңіп (3:1), финалға жолдама алды. Бас жүлде үшін Жаниямен сынға түседі.

Әйелдер командасы Қытайдан басым түсті - 2:1.

Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы 9-сессияда Гонконг спортшыларын 6:3 есебімен жеңсе, жартылай финалда Кореяға есе жіберді - 2:10.

Ал ерлер құрамасы Гонконгтан айласын асыра алмады - 2:10.

Мәнерлеп сырғанау: Ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров қола жүлдегер атанса, Диас Жиренбаев 9-орынға табан тіреді.

Әйелдер сайысында Софья Самоделкина жарысты 4-орынмен, София Фарафонова 10-орынмен аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы