ІХ қысқы Азия ойындары: 10 ақпандағы жарыс нәтижесі

Туризм және спорт министрлігі Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында 10 ақпанда ел құрамасының өнер көрсеткен нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Туризм және спорт министрлігі 10 Ақпан 2025 2025, 22:14
10 Ақпан 2025 2025, 22:14
794
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігі Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында 10 ақпанда ел құрамасының өнер көрсеткен нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фристайл-акробатика: Қазақстан құрамасы аралас командалық сында күміс медаль жеңіп алды. Команда сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Шерзод Хаширбаев өнер көрсетті.

Шаңғы жарысы: Ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде жарыста Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин қола жүлдегер атанды.

Ал Владислав Ковалев мәре сызығын 6-шы, Наиль Башмаков 10-шы, Ернар Нұрысбеков 16-шы болып кесті.

Конькимен жүгіру: Ерлер арасындағы 500 метрге жарыста Евгений Кошкин 4-ші, Алтай Жәрдембекұлы 9-шы, Никита Важенин 15-ші және Роман Биназаров 16-орынға ие болды.

3000 метрге әйелдер бәсекесінде Надежда Морозова 4-ші, Кристина Шумекова 6-шы, Арина Ильященко 12-ші нәтиже көрсетті.

Ерлер арасында командалық спринтте Ұлттық құрамамыз 4-орыннан көрінді. Команда сапында Алтай Жәрдембекұлы, Никита Важенин, Артур Галиев өнер көрсетті.

Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы бүгінгі күніннің бірінші кездесуінбе Тайбэй спортшыларын ірі есеппен жеңсе (14:0), екінші матчта Қытай құрамасынан жеңіліп қалды.

Ал керлингтен ерлер Ұлттық құрамасы Филиппинмен ойнап, жеңіліп қалды. Есеп: 1-4.

Шайбалы хоккей: Еліміздің ерлер құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея командасынан басым түсті. Есеп: 2-1.

Осылайша, ұлттық құрама топтан жеңіліссіз ширек финалға шықты.

Наверх