Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

19 Қаңтар 2022, 21:03
1356
Бөлісу:
Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық атқыш Игорь Дужновтың қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді. 

Алматы қалалық соты мәліметінше, Дужнов кем дегенде 20 ақпанға дейін қамауда болады.

19 қаңтарда тергеу соты Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға, яғни 20 ақпанға дейін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырды, – деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. 

Өзгелердің жаңалығы