Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иесіз жануар тістеп алса қайда бару керек?

Нұрқанат Атажан
25 Маусым 2025, 16:06
1133
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Соңғы жылдары ел аумағында құтыру бойынша эпидемиялық жағдай қолайсыз, жыл сайын адамдар арасында құтыру жағдайлары тіркеледі. Оқыс жағдай орын алғанда қауіпті ауруға шалдықпас үшін нені білу керек? Бұл туралы Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықовамен сұқбаттасты.

2020 жылы Алматы қаласында адамдар арасында құтыру ауруының 1 жағдайы, 2021 жылы Қызылорда облысында 1 жағдай, 2022 жылы Түркістан облысында 1 жағдай тіркелді, 2023 - 2024 жылдары тіркелмеді.

- Егер құтыру ауруы бар жануар адамды тістеп алса және ол дер кезінде дәрігерге жүгінбесе не болады?

- Осы аса қауіпті ауру туралы хабардарлығы төмен болуының себебінен тұрғындар өз өміріне немқұрайлылығы байқалады, өйткені ауырғандардың 80% дер кезінде медициналық көмекке жүгінбейді немесе мүлдем жүгінбейді, бұл өлімге әкеп соққан. Сондай-ақ антирабиялық вакцинация әсерінің болмауына жол бермеу үшін 6 ай ішінде антирабиялық вакцинация кезінде және одан кейін қатты шаршауға, алкогольді ішуге болмайды. Бұл қарапайым ережелерді елемеу жағдайлары белгілі, нәтижесінде құтыру өліммен аяқталды.

- Биыл Алматыда қанша адам жануарлардан зардап шекті?

- Жыл басынан бері Алматы қаласында жануарладан зардап шеккендердің саны 1022 адамға жетті, оның ішінде жартысынан көбі - 72% белгісіз иттер мен басқа да жабайы жануарлардан. Бәріне құтыруға қарсы профилактикалық егулер тағайындалды.

- Қалада антирабиялық көмекті қандай медициналық ұйымдарда көрсетеді?

- Алматыда антирабиялық көмегін 6 медициналық ұйымның травматологиялық пункттерінде көрсетіледі. Олар: - №7 ҚКА (Қалқаман ш.а., Райымбек көш., тел. 8 (727) 270 - 86 - 04, ышкі 127) - Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді; - БСНП (Қазыбек би к-сі, 96 Байтурсынова тел. 8 (727) 292 – 31 - 01) - Алатау, Алмалы аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді; - Оқка (Жандосов к-сі, 6 үй) Чапаева ) - Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді; - №4 ҚКА (Папанин к-сі, 220 үй Б. Хмельницкий тел. 8 (727) 300 – 37 - 01) - Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді; - №5 ҚКА (Достық даңғылы, 220 үй Қожымұхан тел. 8 (727) 264 – 77 - 62) - барлық аудандардың тұрғындарына қызмет көрсетеді (бет пен бас тістеген кезде); - БЖК (Манас к-сі, 40 үй Жандосова тел. 8 (727) 274 – 45 - 43) - қала тұрғындарына қызмет көрсетеді.

- Ал мегаполисте иесіз ит-мысықтарды аулайтын қандай ұйымдар бар?

- Алматыда иесіз ит-мысықтарды аулау мен олардың өлекселерін жинау мәселесімен "Ветеринария орталығы" ҚКШ бригадалары айналысады: "Ветеринария орталығы" ҚКШ диспетчерге 87085956404 телефоны арқылы хабарласуға болады. Алматы қаласында ит пен мысықтарды асырайтын тұрғындар, Алматы қалалық Мәслихатының шешімімен бекітілген 2023 жылғы 17 қантардағы № 209 "Алматы қаласында иттерді асырау Ережесін бекіту туралы" Ережесін міндетті түрде орындаулары қажет.

- Иесіз ит-мысықтан басқа қандай жануарлардан құтыру ауруы жұғыуы мүмкін?

- Иесіз жануарлардан басқа жеке үйлердің аулаларындағы, пәтерлердегі иелері бар жануарлардан да адамдарға құтыру ауруының жұқтыруының қауіпі бар. Сондықтан, жануарлардың иелері асырап отырған жануарларын қалалық ветеринарлық клиникаларда құтыруға қарсы вакцина ектірулері қажет. Соңғы 2 жылда елде құтыру ауруынан қаза тапқандардың 50%- белгілі жануарлардың (иттердің) тістеуінен зардап шеккен болып шықты. Осыған байланысты, тұрғындар арасында құтырудың алдын алудың бірі - иттер мен мысықтарды асыраудың ережесін сақтау.

- Әгімеңізге рақмет.

Өзгелердің жаңалығы