IELTS-ты енді Талдықорғанда тапсыруға болады

Бүгiн, 19:30
142
Бөлісу:
IELTS-ты енді Талдықорғанда тапсыруға болады
Фото: автордан

Енді Жетісулықтар халықаралық IELTS емтиханын облыс орталығында тапсыра алады. "KZBRITISH" және IELTS орталықтары ресми келісімшарт жасасты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған бастамаға ресми меморандумға қол қойылғандығының арқасында алыстағы қалаларға барып әуре болудың қажеті жоқ. Халықаралық деңгейдегі бұл емтиханды өзіңізге ең қолайлы, әрі жақын Талдықорған қаласының қақ ортасындағы Innoverse High School мектебінде тапсыруға болады.

Мен болашақта шетелде оқуды жоспарлап жүргендіктен, ағылшын тіліне көп көңіл бөлемін. ҰБТ-да да осы пәнді таңдадым. IELTS емтиханын тапсыру туралы бұрыннан ойлап жүр едім, бірақ біздің қалада ондай мүмкіндік болмаған соң, біраз күмәндандым. Басқа қалаға барып тапсыру уақыт пен қаржыны талап етеді, оған қоса, жол жүру, жаңа ортаға бейімделу сияқты мәселелер де бар. Сондықтан бірде шешім қабылдап, бірде күмәнданып жүрген едім. Ал Талдықорғанда да IELTS емтиханын тапсыруға болатынын естігенде, бұл жаңалық мен үшін үлкен мотивация болды! Енді алысқа бармай-ақ, өзіме ыңғайлы жерде емтихан тапсыруға мүмкіндік бар. Бұл тек мен үшін ғана емес, біздің өңірдегі көптеген оқушылар үшін үлкен қолдау, - дейді 11 сынып оқушысы Аружан Жұмаханқызы

Бұл жаңалық әсіресе шет шілін меңгеруге қызығушылық танытып жүрген талапкерлерге де, кез келген егде жастағы тұрғындар үшін де таптырмас мүмкіндік болмақ.

Осындай жобалардың арқасында облыс көлеміндегі біліктілік артып, шет тілін меңгеруге деген құштарлық ұлғайып ғана қоймай, оның маңызын тереңірек түсінуге орасан зор сеп болады. Бұл мүмкіндік аймақтағы талапкерлердің уақыты мен шығынын үнемдейді. Сондай-ақ, Жетісулықтар жарқын болашағына, кәсібі мен оқуына қарайбіршама қадам жасайды, - дейді қала тұрғыны Еділ Есіркеп.

Өзгелердің жаңалығы