Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Бүгінгі таңда бағдарлама басталғалы 13 758 өтініш келіп түсті. Оның 6 мыңнан астамы – бірегей. Яғни ЖСН арқылы тапсырғандар. Өзіне баспананы бірінші және екінші нарықтан іздей алатын адамдар саны 3044-ті құрады. Оларға 50 пайыздық субсидия аударылады. 743 клиент күту деңгейінде тұр. Бұл бағдарлама негізінде тек тапсырушы ғана емес, оның кәмелетке толған балалары мен жұбайы да ЭЦҚ арқылы тіркеліп, олардың атында мүліктің бары немесе жоғы тексеріледі, – деді ол.
Ибрагимова атап өткендей, 1097 өтініш кері қайтарылды.
Көп жағдайда мұндай жағдайларда отбасы мүшелерімен ЭЦҚ арқылы қол қоюға келіседі. Отбасы мүшесі интернеті жоқ жерде жүріп, уақыт өтіп бара жатқанын көріп, нәтижені 0-ге теңестіреді. Сондай-ақ 7993 өтініш қабылданбады. Олар біз жіберген кодты тіркемейді. Яғни ол мобильдік мәліметтер базасында телефон нөмірі олардың атына тіркелмеген. Сондай-ақ жеке куәліктің қолдану мерзімі өтіп кеткендер және мемлекеттік кірістер комитетінде қарызы болуы да мүмкін. Сондықтан барлық мәліметті дұрыс толтыру керек. Біз жұмысты жалғасырамыз, - деді Ибрагимова.