Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 18 мамырда сағат 11:00-де қалалық саябақта Халықаралық «ХХ ғасырдың қасіретінен» қаза болғандарды еске алу күніне арналған кең ауқымды акция өтеді, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Оқи отырыңыз:
«Халықаралық еске алу күні – бұл бізге ешкімнің аурудан 100% сақтана алмайтындығын еске сала отырып, оны қалай болдырмау керектігін түсіндірудің мүмкіндігі. Еске алу күнінің мақсаты – халыққа АИТВ инфекциясының алдын алу мен АИТВ-ны анықтау үшін уақытылы тексерудің маңыздылығын, АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық көмек алу және емдеудің мақыздылығын, олардың құқықтарын сақтау және оларды кемсітуге жол бермеу қажеттігін жеткізу», - делінген қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Акцияны АИТВ-нің алдын алу және күресу орталығымен бірлесіп, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастыруда.