Хургада жағалауында туристер мінген батискаф ашық теңізге батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға танымал курорттың жағалауынан бірнеше шақырымдай жерде болған.
Туристік жерасты қайығы Хургадада Қызыл теңіз жағасында серуенге шыққан.
Мысырлық Қызыл теңіз провинциясы билігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға салдарынан алты ресейлік турист, соның ішінде екі бала қаза тапқан. Қалған 39 шетелдік турист құтқарылды.
Өңір губернаторы Әмір Ханафи суға батқан су астында жүретін қайықта 45 турист пен 5 экипаж мүшесі болғанын мәлімдеді. Ол оқиға орнына құтқарушы команда шұғыл түрде жіберілді деп отыр. Соның арқасында хабар-ошарсыз кеткендер жоқ.