Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Министр БАҚ өкілдерінің «Бұл хостелде темекі шегуге рұқсат етілген ба?» деген сұрағына жауап берді.
Біз тексеріс барысында темекі шегуге рұқсат етілген, етілмегенін тексереміз. Студенттер мен куәгерлерден түсініктеме аламыз. Сондай-ақ, хостелде талапқа сай өрт сөндіру жарақтары болмаған. Бұл ғимараттың ашылғанына бір жарым ай болғандықтан, Алматы қалалық ТЖД департаменті бұл мекемені тексермеген, – дейді Сырым Шәріпханов.
Еске салсақ, министр студенттер жатын орынға мұқтаж екенін айтпағанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден астам көмек көрсетіледі.