Хорватияда польшалық туристер мінген автобус апатқа ұшырады

7 Тамыз 2022, 12:55
963
Бөлісу:
Хорватияда польшалық туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Хорватияда польшалық туристер мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Поляк баспасөз құралдары таратқан мәліметке сәйкес, Хорватияның солтүстік-батысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза болған. Отыздан астам адам түрлі дене жарақатын алған. 

Қайғылы жағдай Вараждин және Загреб қалаларының ортасындағы тасжолда таңғы сағат 5:35 гамасында орын алған. Көлік салонында 42 жолаушы мен 2 жүргізуші болған. 

Польшаның сыртқы істер министрлігі автобус поляк қажыларын Босния мен Герцеговинадағы Меджугорье киелі мекеніне апара жатқанын айтты. 

Меджугорье – жыл сайын дүние жүзі бойынша 1 млн-ға дейін христиан дінін ұстанатындар қажылыққа баратын Босния мен Герцеговинада орналасқан орталық болып саналады. 

Апат болған жерге 16 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаларға жеткізілді.  

Өзгелердің жаңалығы