Хоккейден ұлттық құрама жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті

16 Желтоқсан 2021, 12:10
971
Бөлісу:
Хоккейден ұлттық құрама жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Хоккейден Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Қазақстандықтар Дания құрамасын 4:1 есебімен жеңді. Бірінші кезеңде есеп ашылмады, үзілістен кейін біздің хоккейшілер екі минутта екі шайба салды - Константин Морожников дубль жасады. 

Кейін даниялықтар есеп айырмасын қысқарта алғанымен, Қазақстан құрамасы тағы екі гол соқты.  
Біздің құрама сапында матчтың үздік ойыншысы болып Константин Морожников танылды.

Өзгелердің жаңалығы