Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалында ойнайды

Кеше, 12:56
292
Бөлісу:
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалында ойнайды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден біздің ерлер құрамамыз жартылай финалда жарыс қожайыны Қытайды тағы қапы қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есеп: 3-1.

Олег Болякин шәкірттері 2-айналымның аяғында қарсылас қақпасына 2 шайба салды.

Қарсылас матчтың аяқталуына 1 минут қалғанда есепті қысқарта алды.

Ал санаулы секундтар қалғанда қытайлық қақпашы қателесіп, шайба өткізіп алды.

Ертеңгі финалдағы қарсылас Оңтүстік Корея немесе Жапония болмақ.

Олар біраздан соң кім мықтыны анықтайды. Кеше ширек финалда командамыз Гонконгтан ірі есеппен басым түсті.

Ал топтық кезеңде Қытайды (6-1), Жапонияны, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.

Өзгелердің жаңалығы