Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан командасы екінші матчта жеңіске жетті

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ригада (Латвия)&nbsp; хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан командасы екінші матчта жеңіске жетті деп жазады Olympic.kz.&nbsp;&nbsp;</h4>

 23 Мамыр 2021 2021, 22:10
23 Мамыр 2021 2021, 22:10
2877

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ригада (Латвия)  хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан командасы екінші матчта жеңіске жетті деп жазады Olympic.kz.  

Юрий Михайлис шәкірттері қазіргі әлем чемпионы Финляндиямен кездескен болатын. Тартысты матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Овертаймда да таблодағы есеп өзгерген жоқ. 

Буллиттер сериясында Қазақстан командасы  3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл Қазақстн командасының әлемдік сындағы екінші жеңісі. Бұған дейін біздің спортшылар Латвиядан басым түскен болатын. 

Наверх