Хоккей: Ел құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші матчында жеңіске жетті

Кеше, 23:53
206
Бөлісу:
Хоккей: Ел құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші матчында жеңіске жетті
Фото: olympic.kz

Шайбалы хоккейден Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

D тобындағы іріктеу турнирі аясындағы екінші матчты Қазақстан құрамасы Австрияға қарсы өткізді.

Өте тартысты ойынның тағдыры соңғы минуттарда шешілді.

Алдымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Бреус ойынның 2-минутында есеп ашып, команданы алға шығарды.

Ал 43-минутта австриялық хоккейші Рафаэль Хербургер есепті теңестірді.

Араға он минут салып Тамирлан Гайтамиров Қазақстан құрамасын алға шығарды. Есеп - 2:1.

Қазақстан құрамасы матч соңына дейін осы басымдықты ұстап, топтағы екінші матчта жеңіске жетті.

Қысқы Олимпиада жолдамасын топта жеңімпаз атанған команда ғана иеленеді. Қазақстандықтар шешуші матчта Словакияға қарсы ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы