ХІІ жазғы универсиадада 3 мың студент бақ сынайды

23 Мамыр 2023, 22:16
1376
Бөлісу:
ХІІ жазғы универсиадада 3 мың студент бақ сынайды

Еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы Универсиада Ақтау қаласында басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған шара 24 мамыр – 24 маусым күндері өтеді. ХІІ жазғы Универсиаданың өзіндік ерекшелігі бар. Бұрынғы универсиадалар әр спорт түрі бойынша бірнеше қаланы қамтитын болса, бұл жолғы ерекшелік – барлық жарыстар бір аймақта ұйымдастырылады. Өткен универсиада бағдарламаларында 30-дан аса спорт түрі болса, қазір олар 17-ге дейін қысқарды. Ең негізгі спорт түрлері ғана таңдап алынды. Барлығы 20 жарыс өтеді. Yessenov University президенті Берік Ахметов:

Бұл дода бұқаралық спортқа үлкен серпіліс береді. Осы арқылы салаутты өмірді насихаттау, спортқа деген жаңа көзқарасты арттырамыз. Адами капиталды қалыптастыру ол тек білім мен ғылым ғана емес, дені сау білімді спортқа деген құштарлығы мықты азаматтарды тәрбиелеу. Спорт- оның құрамындағы ең маңызды бөліктердің бірі. Осы универсиада арқылы Маңғыстау өңірінде спортқа деген серпіліс бергіміз келеді. Биыл Маңғыстау облысының 50 жылдығы, Ақтау қаласының 60 жылдығы аталып өтеді. Осыған орайластырып, қазіргі өлкеміздің қандай екенін көрсету. Бір қалада тұңғыш рет өткізілгендіктен бұл спорттық шара біз үшін де сынақ. Біздің оқу орыны спорттық барлық түріне спортшыларын қосып отыр. Енді жүлдеге үмітіміз мол. Есенов университетінде спотшыларды қолдау артып келеді. Олардың жеке кестелеріне мүмкіндік жасалды, - деді.

Деректерге жүгінсек, дүниежүзілік универсиадаға Қазақстан құрамасы 1993 жылдан бері қатысып келеді. Жазғы универсиадада 113 медаль, ал қысқы универсиадада 87 медаль алды. 2015 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен дүниежүзілік жазғы универсиада да Қазақстан құрама командасы жалпы командалық есепте 11-ші орынды иеленсе, 2017 жылы Алматыда өткен қысқы универсиада да жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді.

Негізі осы универсиада Шэньчжоу қаласында 20 шілдеден 8 тамыз аралығында өтетін жазғы дүниежүзілік студенттер универсиадасы және Түркістан қаласында Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өтетін Түркі универсиадасына іріктеу болып саналады.

Жүзу, таэквондо, жеңіл атлетикада, үстел теннисі, дзюдо спортынан жеңіс тұғырынан көрінгендер Шэньчжоу қаласында өтетін дүниежүзілік студенттердің жазғы ойындарына жолдамаға ие болса, волейбол, футзал, үстел теннисі, еркін және грек рим күрестен жеңімпаздар Түркі универсиадасында бақ сынайды. Спортшыларды күтіп алу, көлікпен қамтамасыз ету шешілді. Осы жолы қатысатын университет командаларының саны көп. Жарыс өтетін және студенттердің жататын және тамақтанатын орындарын қарап тексердік. Жоғары деңгейде өтеді деп сенім білдіреміз,- дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Спорттық іс-шаралар, статистика және талдау басқармасының басшысы Мира Мұхамадиева.

«Спорттың 17 түрінен 20 жарыс өтеді. Біздің өлкедегі спорттық инфрақұрылымдар республикалық сайыстарды өткізуге дайын. Спорт баскарма тарапынан 5 гимаратпен камтамасыз етеміз. Сондай-ақ, Есенов университетінің спорт ғимараты бар. Студенттер арасында маңғыстаулық ұлттық құрама мүшелері де додада бақ сынайды», - деді Маңғыстау облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Айбек Имашев.

Өзгелердің жаңалығы