ХХІІ Азия олимпиадасында еліміздің 8 оқушысы бақ сынайды

26 Мамыр 2022, 09:17
1628
Бөлісу:
ХХІІ Азия олимпиадасында еліміздің 8  оқушысы бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Физика пәнінен 22-Азия олимпиадасында (APhO) 8 қазақстандық оқушы жүлделі орындарға бақ сынап жатыр, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі

Ұлттық құрамада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11-сынып оқушылары бар. Олардың барлығы - физикадан республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Биыл зияткерлік сайыстар 2022 жылғы 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында онлайн форматта өтеді.

Құрлықтық халықаралық олимпиадаға әлемнің 20-дан астам елінің өкілі қатысады. Оның ішінде Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Тайвань, Вьетнам сияқты елдер бар.

Қазақстандық мектеп оқушылары жыл сайын физикадан Азия олимпиадасына қатысады. Бұл мектеп оқушылары үшін өз білімін әлемдік деңгейде көрсетуге және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үздік елдердің көшбасшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік. Былтыр бұл олимпиада онлайн өтіп, жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті. 2021 жылы ұлттық құрама 1 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Биылғы нәтиже бұдан да жақсы болады деп сенеміз. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!, - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.

Физика бойынша Азия олимпиадасындағы жеңіс балаларға ұлттық құрамаға  кіруге және халықаралық математикалық олимпиадада (IMO) Қазақстан атынан шығуға мүмкіндік беретінін еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы