ХХІ ғасыр – Азия ғасыры болады

13 Қазан 2022, 10:36
1527
Бөлісу:
ХХІ ғасыр – Азия ғасыры болады

Бұл туралы АӨСШК саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ХХІ ғасыр Азия ғасыры болады деген болжам бүгінде шындыққа айналып отыр. Азия номиналды ЖІӨ және сатып алу қабілетінің паритеті бойынша мойындалған әлемдік экономикалық көшбасшыға айналды. Өңірде айтарлықтай адами және табиғи ресурстар бар. Әлемдегі ең ірі 30 қаланың 21-і Азияда орналасқан.  2030 жылға қарай орташа таптың тұтыну өсімі 30 триллион долларды құрайтын болжамды көрсеткіштің тек 1 триллион доллары батыс елдерінің экономикасынан түседі деп күтілуде.  Дегенмен, Азияның болашағының өзі біздің мәдениеттер, дәстүрлер мен дүниетанымдар арасындағы диалогты нығайтуға ұжымдық дайындығымызға байланысты, – деді Тоқаев.

Президент АӨСШК-ні дамыту бойынша қабылданған қадамдар осы мақсатқа сәйкес келетініне сенімді екенін атап өтті.  

Кездесу Азия континентінде жұмыс істейтін басқа да табысты көпжақты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, прогреске, экономикалық өркендеуге және мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогқа жәрдемдесуді жалғастырады, – деді Ел басшысы.

Өзгелердің жаңалығы