Хайптың соңы тергеуге ұласты: Алматыда 43 жастағы ер адам ұсталды

Оқиғаға байланысты ықтимал есірткі қылмысы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 26 Тамыз 2026, 04:20
26 Тамыз 2026, 04:20
174
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматыда полиция қызметкерлері мен қызметтік автокөлікті бейнежазбаға түсіріп, қолындағы зип-пакеттегі ақ түсті затты көрсеткен ер адам ұсталды. Видео барысында ол балағат сөздер де қолданған.

Полиция бейнежазба авторының жеке басын анықтады. Ол бұрын сотталған 43 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Оқиғаға байланысты ықтимал есірткі қылмысы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, материалдар сотқа жолданды.

Қазіргі уақытта полиция бейнежазбада көрсетілген заттың шығу тегін, құрамы мен мөлшерін анықтап жатыр. Ұсталған азаматтың есірткінің заңсыз айналымына ықтимал қатысы да тексерілуде.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх