Хәрри мен манга. Қазақтілді балалардың ұяң болмауына қалай көмектеседі?

19 Қыркүйек 2023, 17:22
2146
Бөлісу:
Хәрри мен манга. Қазақтілді балалардың ұяң болмауына қалай көмектеседі?
PHOTO
Фото: автордан

Қазақтілді жаңа кітаптар алдына келген кез келген таптаурынды бұзады. Steppe& World Publishing баспасының негізін салушы Раиса Қадыр қазақтілді кітап оқырманның ойын өзгертіп, жаңа мәдениет қалыптастырып жүр. Ол балаларға арналып шығып жатқан кітаптар бұрынғыдай тілдің жеңілдімен емес, психологиялық тұрғыда да ерекше екенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

- «Гарри» мен «Хәрридің» секілді сөздердің дауы бітті ме? Қоғамда сапалы кітаптарыңыз алғашқы рет көрініс тапқанда кейбір адамдар сондай сөзден болып қабылдамаған еді...

4 жыл бұрын Хәрри Поттердің бірінші кітабын аударған кезде атауына қатысты «хейт» болғаны рас. Өйткені көпшілік бұған дейін орыстілді фильм мен кітапты тұтынып, көзі мен құлағы «Гарриге» үйреніп қалға. Бұл кітаптың қазақша шығуы олар үшін үлкен тосынсый болды. Біз кітапты түпнұсқа ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударма жасадық. Туындыда төл әріптерімізді қолданып, тамаша туынды шығара білдік. Екі жылда біраз нәрсе өзгерді, қазір ондай «хейт» жоқ.

- Қазақылыққа әбден бейімдепсіздер....

Иә.. Мәселен, Хәрридің жезде ағасы орысша шығармада «дядя» деп атайды, яғни «дядя Вернон». Ал, біз бұл сөзді көпке жақын «жезде» деп алдық. Бұл ұғымның қазақта бар екенін ескердік. Сол сияқты жақсы бейімделген сөз көп болды. Тағы бір мысал, «тетя Петуньяны» «нағашы әпкесі» (апайы) деп атадық. Мұндай кітап қазақтілді балаға әбден түсінікті болады.

Хәрри мен манга. Қазақтілді балалардың ұяң болмауына қалай көмектеседі?

- Баспа осы уақытқа дейін қанша кітап шықты? Түпнұсқадағы кітаптың да сыртын бейімдейсіздер ме?

Командамызда 25 адам бар. Соңғы 4 жылда 100-ден астам кітап шығардық. Біз мемлекеттен қолдау сұраған жоқпыз, десек те келер жылдары қолдау болса, әрине қуанамыз. Біз азаматтық қоғамнан тек кітап дүкендерінің көп болғанын талап етеміз. Шетелдегі кітапқа ұқсас болсын деп шығарманы түпнұсқада жеткізуге тырысамыз. Яғни, баспа индустриясындағы стандратты сақтаймыз әрі кітаптарымызды батыстық жаңа стильге әкеліп жатырмыз. Сонымен бірге кітап іші сұрғыш парақтан тұрады, неге десеңіз, әппақ қағаз көзді ауыртады деген шешімге келдік. Кітапты бала қолына алып, қай жерде оқимын көзіне де ыңғайлы болмақ.

Хәрри мен манга. Қазақтілді балалардың ұяң болмауына қалай көмектеседі?

- Балаларға арналған контент жоқ деп айтып жатады. Бұл мәселе сіздерде қалай?

Биыл акцентті бастауыштың балаларына қойдық. Оған себеп бастауыш сыныпта оқитын балаларды қызықтыратын кітап жоқтың қасы... Ол үшін алдымен, кітап дүкендеріне кіріп сараптама жасадық, нәтижесінде мүлдем кітап жоқ көбі орысша болды. Кітап - сырты мен суреті тартымды, әдемі безендірілген әрі жеңіл тілде жазылған болуға тиіс. Біздің кітаптың басты ерекшелігі - жеңіл тілде жазылуы әрі мәтіннің ішінде шынайы эмоция тудыра алуы. Өйткені қоғамда «қазақ мектебіне барған балалар тұйық болады» деген таптауырын бар. Балаларымыз ұяң болмауы үшін, бала кезден сапалы кітаптар оқуға тиіс, сонда ғана ілгерілеу болады. 

- Ендігі бағыттарыңыз қандай? Comi Con фестивалінде болдыңыздар.. Қандай да қорытындығы келдіңіздер ме?

Көп баланы аниме қызықтырады. Бұйырса, манганы аударамыз деп отырмыз.

-Әңгімеңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы