Харбин 2025: Хоккейден ерлер құрамасы алтын алды

Харбинде өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Туризм және спорт министрлігі 14 Ақпан 2025 2025, 13:01
14 Ақпан 2025 2025, 13:01
909
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Харбинде өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Хоккейден ерлер құрамасы Қытайды жеңіп (3:1), финалға жолдама алған еді. Бас жүлде үшін таласта ұлттық құрама Жапониямен сынға түсті. Есеп 5:0. Осылайша Қазақстан қоржынына 4-алтын түсті.

Шайба авторлары: 
Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд);
Дмитрий Бреус (21:02);
Роман Старченко (37:59);
Кирилл Панюков (42:24);
Кирилл Панюков (44:23).

Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).

Осылайша, ерлер командасы Азия ойындарының 5 дүркін жеңімпазы атанды. Тек 2003 және 2007 жылғы Азиадада күміске ие болған.

Наверх