"Хантау-Бұрылбайтал" күре жолы пайдалануға берілді

6 Қазан 2023, 12:11
661
Бөлісу:
"Хантау-Бұрылбайтал" күре жолы пайдалануға берілді
Фото: ҚазАвтожол

Жамбыл облысында мамандар жалпы ұзындығы 81 шақырымды құрайтын "Хантау-Бұрылбайтал" жолын пайдалануға тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Реконструкция жұмыстары 189-273 шақырымдары арасында жүргізілді. Күре жол ІІ техникалық санатқа сай. Реконстукция жұмыстары нәтижесінде Хантау және Бұрылбайтал ауылдары (Мойынқұм ауданы) арасында жаңа асфальт төселді.

Жолдың инфрақұрылымын жақсарту үшін мамандар екі көпір, екі жол өтпесін және тоғыз мал айдауын өткелін салды. Сонымен қатар Қияхты елді-мекенінің қасында орналасқан демалыс алаңдарында екі санитарлық-гигиеналық торап қарастырылды. Бұл учаскеде заманауи жарықдиодты шамдар орнатылды.

Осы айда Шу қаласының айналма жолын да пайдалануға беру көзделіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы