"Хан Шатыр" әкімшілігі қазақтың ұлттық киіміне қатысты тараған видеоға ресми жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақтың ұлттық киімімен "Хан Шатырға" кіруге болмайтыны туралы блогердің видеосы тарады. Орталық осы мәселеге ресми жауап беріп, түсінбеушілік болғанын айтып, халықтан кешірім сұрады.
"Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы ешқашан және еш уақытта қазақтың ұлттық киімін киюге қарсы болған емес, себебі бұл – біздің ұлттық құндылығымыз. Керісінше, алғашқы күндерден бастап бүгінге дейін біз мемлекеттік ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып, ұлттық мұрамызды, дәстүрлерімізді және өнерімізді насихаттауға бағытталған іс-шараларға белсенді көрсетіп келеміз, - деді ойын-сауық орталығы.
"Хан Шатыр" қазақтың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін сақтау мен өркендеуге бағытталған барлық бастаманы қолдауды жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Өкінішке қарай, сауда орталығынын келушісі мен күзет фирма қызметкері арасында түсінбестік пен жағымсыз оқиға болды. Осы жағдайға байланысты біз осы оқиғаға тап болған келушімен кездесіп, мән-жайды толық түсіндіріп, ресми түрде кешірім сұрадық. "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының атынан осы оқиға салдарынан көңіліне қаяу түскен Қазақстан Республикасы азаматтарынан шын жүректен кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және осындай келеңсіздіктер қайталанбайды деп үміттенеміз, - делінген орталықтың ресми жауабында.