Хамитовке қатысты сот үкімі шықты

28 Қаңтар 2021, 15:11
1512
Бөлісу:
Хамитовке қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның аралас жекпе-жек шебері, файтер Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шықты. 

Атақты спортшы 6 айға бас бостандығынан шектелді.

Қуат Хамитовтің қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот Хамитовтің бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескере отырып, осындай үкім шығарды.

Бұған дейін Хамитов сотта соңғы сөзін айтып, қандай жаза берсе де шетелге шығуына мүмкіндік берілсе деген еді.

Қандай жаза тағайындалса да, мен шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын. Себебі мен елімнің намысын қорғаймын, - деді Қуат Хамитов. 
Хамитовке қатысты сот отырысы 18 қаңтарда өтті.

Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі - «Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру» санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Естеріңізде болса, 2020 жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарды атып түсіруге және дезинфекторларды ұрып-соғуға шақырған еді. 

Сонымен қатар жақында өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылы тағы қатаң карантин режимі енгізілуі мүмкін екенін айтты. Министрдің бұл болжамы ережесіз жекпе-жек шебері Хамит Хамитовтің тағы да ашуын тудырды.

Өзгелердің жаңалығы