ХАМАС 4 тұтқынның денесін Қызыл Крестке тапсырды

Кеше, 03:32
210
Бөлісу:
ХАМАС 4 тұтқынның денесін Қызыл Крестке тапсырды
Фото: Reuters

ХАМАС қаза тапқан төрт тұтқынның денесін бітім аясында Қызыл Крест ұйымына тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ВВС таратқан мәліметке сәйкес, құрбан болғандардың арасында екі ұлы мен анасының мәйіті бар.

Олар – Израильде 7 қазандағы трагедияның символына айналған ұл балалар Ариэль мен Кфир Бибас, олардың анасы Шири, сондай-ақ 83 жастағы Одед Лифшиц.

ХАМАС құрбандардың денелері салынған табытты Қызыл Крест ұйымына табыстады. Қара табыттың әрқайсысына тұтқындардың кішігірім фотосуреті жабыстырылған. Қызыл Кресттің автокөліктері өз кезегінде табыттарды Газа секторы аумағында ЦАХАЛ-дың әскерлеріне берді.

Израильге жеткізілген соң құрбандардың жеке басын анықтау үшін сараптама жасалынады деп күтілуде.

ХАМАС 2023 жылы 7 қазанда Израильмен қақтығыстан соң Газада соғыс басталғалы қаза тапқандардың денесін табыстайды.

Өзгелердің жаңалығы