Халықтың қаражат жағдайы туу көрсеткішіне әсер етпейді

20 Қазан 2023, 10:59
548
Бөлісу:
Халықтың қаражат жағдайы туу көрсеткішіне әсер етпейді
Фото: BAQ.KZ - архив

Халық санының төмендеуі әлеуметтік жағдайға байланысты ма? Бұл сұраққа Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Найля Мұхтарова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Демографияда демографиялық-экономикалық парадокс деген термин бар. Яғни еуропа елдерін қарасаңыздар ол жақта бір әйелде бір не екі бала бар. Ал мешеу мемлекеттерді қарасақ, әйелдердің 5-6 баласы бар. Демек, бұл жерде қаражатқа байланысты емес, – деді Мұхтарова.

Айтуынша, демографиялық туу көрсеткіші экономикалық мәселелерге байланған емес.

Қоғамда “аналарға көбірек қаражат беруіміз керек сонда көбейеді” деп айтып жатамыз. Иә, мемлекет тарапынан қандай да қолдау болуға тиіс, – деді ол.

Еске салсақ, Найля Мұхтарова болашақта елімізде туу көрсеткіші азаятынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы