Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару бойынша петиция қарауында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы ғылыми деректер мен ғалымдардың қорытындысы бойынша уақыттың бір сағатқа өзгеруі мен оның денсаулыққа айтарлықтай әсері арасында тікелей байланыс жоқ. Біз бұл мәселені талқылау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы сарапшылармен хабарластық, - деді ол.
Вице-министр ғалымдар адам денсаулығы үшін күн уақытына мүмкіндігінше жақын белдеудің тұрақты санын пайдалануды ұсынатынын айтты.
Зерттеуді қысқаша оқиын: қысқы және жазғы уақытта бір сағатқа ауысу адамдардың көпшілігінде денсаулықтың айтарлықтай бұзылуына әкелмейтінін растайды. Дене белгілі бір уақыт ішінде уақыттың өзгеруіне айтарлықтай ұзақ мерзімді салдарсыз бейімделеді, - деді Сұлтанғазиев.