Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалған Ақмарал Әлназарова өз міндеті туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен бүгінгі күннен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі ретінде қызметімді бастадым. Маған Мемлекет басшысының үлкен сенімі артылды және сала алдына қойылған мақсаттарды іске асыру мен халықты сапалы денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету үшін өзімнің барлық білімім мен тәжірибемді қолданатын боламын, - деді министр.
Ал жаңа қызметке тағайындалған министрге оқырмандар да жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Салаға жаңа серпін әкелетініңізге сенімдіміз. Ел сенімінен шығуыңызға тілектестік білдіремін, Нағыз сала жанашыры өз орнына келді деп қуанып отырмын, - деп жазады оқырмандар.