Астанада Халықаралық волонтерлер форумының екінші күні басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Форумның негізгі мақсаты – волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені халықаралық деңгейде паш ету. Қазақстанның Орталық Азия елдері арасында еріктілер бағытындағы көшбасшысы екенін көрсету.
Форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.
Форумға 34 елден 140-тан аса шетелдік қатысушы келген. Жалпы іс-шарада 400-ге жуық қатысушы болады. Форум 2 күнге созылады.